Оңтүстікте 300-ден астам мектеп директоры кабинетін оқушыларға босатып берді

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 300-ден астам мектеп директоры кең кабинетін оқушыларға босатып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында 606 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Оның 445-і жергілікті атқарушы және 161-і орталық органдардың аумақтық департаменттері. Бұл туралыТүркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойыншадепартаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев мәлімдеді. Сондай-ақ, баспасөзмәслихатында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқаруакадемиясының Түркістан облыстық филиалының директоры Жанат Момынқұлов І жартыжылдық есебі туралы баяндама жасады.

Соңғы алты айда департамент тарапынан 32 тексеружүргізіліп, 1 558 құқық бұзу фактісі анықталды. Заңсыздықтарды жою мақсатында 98ұсыныс енгізіліп, 20 қызметкерге тәртіптік жазақолданылды. Ал 9 лауазымды тұлғаға әкімшілік тарапынан іс қозғалған.Нәтижесінде 231 300 теңге айыппұл өндірілді.

«Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен 27 лауазымды тұлғанытәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылып, оның ішінде мемлекеттік қызметшігесай емес мінез-құлық көрсетіп, дөрекілік танытқан 2 лауазымды тұлға жәнесыбайлас жемқорлық фактілерін біле тұра құзырлы мекемелерге хабарламаған бір басшы қызметінен босатылды. Мансаптық жоғарылату ішкі конкурстар нәтижесінде 242мемлекеттік қызметші жоғары лауазымдарға тағайындалған. Сөйтіп мансаптықөсу көрсеткіші 67,2 пайыз құраған», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істеріагенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев.

Былтырдан бастап тестілеу орталығы жұмыс істеп жатыр.Тестілеуге 914 адам қатысты. Оның 32 пайызы оң нәтижесін алды.

Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттіқалыптастыру бағытында 300 мыңнан астам адамды қамтыған 1700-ге жуық іс-шараұйымдастырылды. Оның ішінде мектептер, колледждер және жоғары оқу орындарында110 түсіндіру жұмысы жүргізілген. Ал «Түркістан – адалдық алаңы» жобасы аясында– 700 -ден астам шара атқарылды.

Сонымен қатар, Түркістанда «Түркістан – адалдық алаңы»жобалық кеңсесі жұмыс істейді. Алты ай қорытындысы бойынша жобалық кеңсемен 438іс-шара атқарылды. Аталған іс-шаралар білім беру ұйымдарынан бастау алды.Өңірдегі жоғары қабатта отырған 316 мектеп директорының 308-і ашықтықтықамтамасыз ету үшін 1-қабатқа орналастырылды. Сонымен қоса, 8000-нан астам ауылтұрғындарына «Ашық Түркістан» жобасы аясында құқықтық, заңнамалық көмек көрсетіліп, 40 ауылдық әкімдікте барлық тұрғындарға қолжетімді тегін WI-FI,стационарлы тегін телефон, компьютер және принтерлер қойылды. Бұлжоба аясында қоғам арасында адалдық, парасаттылық негіздерінқалыптастыру мақсатында облысымызда соңғы 6 ай ішінде жобалық кеңсебастамасымен 18 «адалдық дүкені» ашылды.

«Биыл Түркістанда жұмысын бастаған ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облыстық филиалы мемлекеттікқызметтің тиімділігін күшейту мақсатында мемлекеттік қызметшілердіңбіліктілігін арттырып, қайта даярлауда. Академия филиалыТүркістан облысы әкімдігі мен агенттік департаментінің қолдауымен біріншіжартыжылдықта 5 қайта даярлау курсы мен 20 біліктілігін арттыру семинарында 646мемлекеттік қызметшіні оқытты. Филиалда биыл 1092 мемлекеттік қызметшіні оқытужоспарланған. Бұған қоса, жоспардан тыс, ақысыз 10 семинарда – 279, жалпы 923адам оқытылды», – деді Ж. Байжомартұлы.