Оңтүстік Корея мен Жапонияда Құрылтай сайлауына арналған учаскелер ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Құрылтайдың алғашқы сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскелері Оңтүстік Корея мен Жапонияда ашылды. Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары алғашқылардың бірі болып дауыс беру мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: Kazinform

Дауыс беру мүмкіндігіне алғашқылардың бірі болып Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар ие болады.

Сеулде № 422 және Токиода № 425 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды.

Қазақстаннан тыс жерде орналасқан барлық сайлау учаскелері Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері аумағында ұйымдастырылған.

Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары елдің дипломатиялық өкілдіктері жанынан құрылған сайлау учаскелерінде өздерінің сайлау құқығын пайдаланып, дауыс бере алады.

Еске салсақ, биыл 1 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысатын 7 саяси партияның тізімдерін тіркеді. 145 депутаттық мандатқа 545 кандидат үміткер болып отыр.