Хабарланғандай, Қорғаныс министрі президентке әскери жағдай енгізуді ұсынған.
Еске сала кетсек, Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрі Ким Ён Хён сәрсенбі күні президент Юн Сок Ёлдің әскери жағдай енгізу әрекетіне алаңдаушылық туғызғаны үшін кешірім сұрап, отставкаға кетуді ұсынды.
Мұндай шешім ел президенті күтпеген жерден сейсенбі күні кешке әскери жағдай жариялағаннан кейін қабылданды. Бірақ аз уақыттан кейін оппозиция бақылайтын Ұлттық жиналыс бұл шараға қарсы дауыс бергендіктен оны алып тастады.
Юн Сок Ёль жаңа Қорғаныс министрі етіп қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның Сауд Арабиясындағы елшісі қызметін атқарып жүрген отставкадағы төрт жұлдызды генерал Чхве Бен Хукты тағайындады.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Алайда парламент оны жоюға дауыс берд
Кореядағы қазақстандықтар бұқаралық шараларға қатысудан бас тартуға шақырылды.
3 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда президент Юн Сок Ёл әскери жағдай енгізілгенін жариялады. Бұл бір жағынан бұл елдегі демократиялық институттардың күштілігін көрсетеді. Бұл елдегі жағдайдың себебін Kazinform агенттігінің халықаралық бақылаушысы зерттеді.