Оңтүстік Корея туристері Жапонияға жиі бара бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазан айында Жапонияға шамамен 3,91 миллион шетелдік турист барған. Бұл — бір айдағы рекордтық көрсеткіш. Бұл туралы Kyodo жазды.

Фото: Kyodo

Жапонияның ұлттық туристік ұйымының мәліметінше, Қытайдан келетін туристер саны азайған. Соған қарамастан, Азияның басқа елдерінен, сондай-ақ Еуропа мен Солтүстік Америкадан Жапонияға баруға қызығушылық жоғары.

Қазан айы Жапонияға саяхаттауға қолайлы кезеңдердің бірі болып есептеледі. Себебі осы уақытта елде күзгі жапырақтар қызыл-сары түске бояла басталады.

Бұған қоса, шетелдегі ұзақ демалыс күндері мен мектеп каникулдары да туристер санының артуына әсер еткен. Соның нәтижесінде Жапонияға бірқатар елден келушілер көбейген.

Оңтүстік Корея азаматтары үшін Жапония ең танымал туристік бағытқа айналған. Қазан айында бұл елден Жапонияға шамамен 1,04 миллион адам барған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,4 пайызға көп.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанға тоғыз айда Корея Республикасынан 50 мыңнан астам турист келгенін жазып едік.