Седжон қаласына көшірілетін мекемелер қатарында сыртқы істер, бірігу, ұлттық қорғаныс министрліктері де бар. Көш мекемелердің қажеттіліктерін ескере отырып, кеңселердің дайын болуына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Келесі жылы 27 мекеме уақытша жалға алынған ғимараттарға көшуді бастайды. 2027 жылдың бірінші жартысында Жеке деректерді қорғау комиссиясы мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссия секілді алты мекеме көшсе, 2027 жылдың екінші жартысында тағы 19 мекеме қоныс аударады.
Жаңа Үкімет кешенінің құрылысы аяқталғаннан кейін Бас прокуратура, Ұлттық полиция басқармасы және Ауыр қылмыстарды тергеу агенттігі сияқты бірнеше мемлекеттік орган көшіріледі. Бұл мекемелерге тергеу, қауіпсіздік және қадағалау үшін бөлек ғимараттар қажет.
Мемлекеттік органдарды көшіру бастамасы астанада үкіметтік функциялардың шоғырлануын азайтуға және елді теңгерімді дамыту мақсатында қолға алынып отыр.
Сеулден оңтүстікке қарай шамамен 110 шақырымда орналасқан Седжонға ең алдымен 2012 жылы премьер-министр кеңсесі көшірілген болатын. Кейіннен қалада ондаған орталық үкіметтік ұйымдар орналасты.
Бұған дейін ел премьер-министрі Хан Сон Сук «мемлекеттік мекемелерді жаңа сын-қатерлерге сай болатындай етіп реформалап жатқанын» айтқан болатын.
Сеул әлемнің үздік үш қаласының бірі болмақ.