2024 жылдың шілдесінен бері елде туу көрсеткіші өсіп келеді.
Оңтүстік Кореяның Статистика министрлігінің мәліметінше, тамыз айында елде 23 703 сәби дүниеге келген. Бұл өткен жылғы 20 983 сәбимен салыстырғанда көп. Тамыз айындағы туу көрсеткіші 2019 жылдан бері алғаш рет 24 мыңға жуықтады.
Тамыз айында Оңтүстік Кореяда бір әйелге шаққандағы бала саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,09-ға артып, 0,87-ге жетті. Дегенмен халық санын көші-қонсыз тұрақты ұстап тұру үшін бұл көрсеткіш 2,1 болуы керек.
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында 193 783 сәби дүниеге келді. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,5 пайыз көп әрі 2019 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Туу көрсеткішінің өсуіне үйленгендің артуы, 30-39 жас аралығындағы тұрғындар санының көбеюі және бала сүюге деген оң көзқарастың қалыптасуы әсер еткен.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда туу көрсеткіші соңғы жеті жылдағы ең жоғары деңгейге жеткені хабарланған болатын.