АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таэквондодан (WT) Гран-при кезеңінің екінші жарыс күні, 29 тамызда қазақстандық 3 спортшы сайысқа түседі.
Бұл күні әйелдер арасында 67, ерлер 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жекпе-жектер өтеді. Ел намысын Назым Махмудова, Дамир Шүленов және Нұрбек Газез қорғайды.
Жарыс Астана уақытымен таңғы 5:00–де басталады. Қола жүлде үшін жекпе-жектер мен финалдық кездесулер 13:00–ге жоспарланған.
Айта кетсек, ел құрамасынан Нодира Ахмедова (49 келі) 3-орын үшін үшін кездесуде Чыонг Тхи Ким Туді 2:0 есебімен жеңді. Осылайша қола жүлдегер атанды.
Оған дейін Нодира жартылай финалда отандасымыз кореялық Ие Джи Лиге 0:2 есебімен есе жіберді. Ал ширек финалда ол АҚШ спортшысы Мата Маядан 2:1 есебімен басым түскен еді.
Халықаралық бәсекеде ширек финалда Батырхан Төлеуғали (80 келі), Абдурохман Марипов (80 келі) пен Нұрай Бауыржанова (49 келі) жарысты ерте аяқтады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.