— Бүгін кешке Ли Чжин У ордер бойынша қамауға алынды, — деді әскери жағдайды тергеу үшін арнайы құрылған топ.
Ол 3 желтоқсанда астаналық қорғаныс қолбасшылығының басшысы ретінде әскери жағдай жарияланғаннан кейін Ұлттық жиналысқа әскери қызметкерлерді жіберген.
Қорғаныс министрлігі осыған дейін дейін Ли Чжин Уды, армияның арнайы күштері қолбасшылығының басшысы Квак Чон Гынды және армияның қарсы барлау басқармасының басшысы Ё Ин Хёнді қызметтерінен шеттеткен болатын.
Бұған дейін Оңтүстік Корея ұлттық полиция агенттігінің басшысы мен полиция бастығы тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған болатын.
Еске салсақ, 3 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда президент Юн Сок Ёл әскери жағдай енгізілгенін жариялады. Бұл бір жағынан елдегі демократиялық институттардың күштілігін көрсетеді. Аталған елдегі жағдайдың себебін ҚазАқпарат агенттігінің халықаралық бақылаушысы зерттеді.