— Серіктестерімізбен конструктивті диалог жүргізіп жатырмыз және олардың тарапынан түсіністік бар екеніне көзіміз жетіп отыр. Мұнай өндіру көлемін қысқартуға және ОПЕК шеңберінде барлық келісімнің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кешенді шаралар әзірлеудеміз. Қазақстан міндеттемелерді орындау үшін барлық қажетті шараны қабылдауға ниетті, — деді Алмасадам Сәтқалиев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай Қазақстан ОПЕК келісімі шеңберінде мұнай өндірісін қысқартады.
Еске сала кетсек, былтыр жыл соңында ОПЕК елдері мұнай өндіруді 2026 жылға дейін қысқартуға келіскен еді.
Биыл ақпанда белгілі болғандай, ОПЕК елдері сәуірден мұнай өндіру көлемін арттыруға уағдаласты.
Бірер күн бұрын белгілі болғандай Қазақстан ОПЕК келісімі шеңберінде өз міндеттемелеріне адалдығын растады.