ОПЕК+ негізгі мүшелері мұнай өндіруді ұлғайтуға келісті

АСТАНА. KAZINFORM - Мұнай өндіру қазан айынан бастап тәулігіне 137 мың баррельге артады. Бұл туралы Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, БАӘ, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оманның тиісті министрлері – ОПЕК+ құрамына кіретін негізгі мұнай экспорттаушы елдер келісімге келді, - деп хабарлайды DW.

Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Шешім «қолайлы нарық негіздері» мен «тұрақты жаһандық экономикалық перспективаларға» байланысты қабылданды.

Мұнай бағасы қазір барреліне 65-70 доллар аралығында ауытқып тұр. Биыл көрсеткіш 12 пайызға төмендеген. Норвегиялық Rystad Energy сараптама орталығының сарапшысы Хорхе Леонның пікірінше, ОПЕК шешімі мұнай бағасын барреліне 60 доллардан төмен түсіреді.

ОПЕК мұнай өндіру көлемін арттыру мүмкіндіктерін талқылайтынын жазған болатынбыз.

2026 жылы мұнайға әлемдік сұраныс тәулігіне 1,4 млн баррельге артады.

Қазақстан мен Әзербайжан Еуропаға мұнай жеткізуде басты рөл атқарады.