Мәдениет және ақпарат министрілігнің мәліметінше, кеш бағдарламасына қазақ, француз, итальян, орыс және қытай классикасының таңдаулы туындылары енді.
«Біржан мен Сара», «Ер Тарғын» және «Абай» операларынан орындалған ариялар, сондай-ақ әншінің орындауындағы қазақтың халық әндері көрерменді ерекше ықыласқа бөледі.
Сахна төрінде Майра Мұхамедқызымен бірге пианист Әлияр Өтетілеу мен Шымкент қалалық опера және балет театрының квартеті өнер көрсетті.
Еске сала кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергеннің Мехикодағы концерті аншлагпен өткенін жазған едік.