Орал әуежайында Toyota Ipsum автокөлігі жанып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал әуежайында Toyota Ipsum автокөлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 3 шілде күні Теректі ауданы аумағында орналасқан Орал халықаралық әуежайының автотұрағында болды.

«Сағат 16.19-да 1980 жылғы азаматқа тиесілі Toyota Ipsum автокөлігі өртенді. Автокөлікте газ жабдығы орнатылмаған. «Тілсіз жау» «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС күшімен №2 өрт сөндіру бөлімінен өрт сөндірушілер келгенге дейін сағат 16.30-да ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласы маңында құрғақ шөп пен бұталар өртеніп жатырғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда тағы да құрғақ шөп өртенді