ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында бүгін таңмен ер адамның мүрдесі табылды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 28 ақпан күні «Жеңіс көшесі, 5» мекенжайда орналасқан «Жайық самалы» ғимараты маңында болды.
«Шамамен сағат 07:30-да ер адамның зорлық-зомбылық белгілері жоқ денесі табылды. Оның кім екені белгілі болды. Өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сараптамаға жіберілді. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жасады» деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қойға шапқан иттің иесі анықталып, жауапқа тартылғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).