ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында «Жайықжылуқуат» АҚ барлығы 1 673 нысанды жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.
Орал қаласы әкімдігінен мәлім еткеніндей, соның ішінде 1 213 көпқабатты тұрғын үй бар.
Бес қабатты тұрғын үйлерге жылу 1 қазаннан бастап берілген. Ал тоғыз қабатты және одан жоғары тұрғын үйлер жылуға бүгін түстен кейін қосылмақшы.
Қала әкімдігінің мәліметіне қарағанда, әлеуметтік нысандарға жылу толықтай берілген. Жалпы, «Жайықжылуқуат» АҚ жылумен қамтитын 42 балабақша, 86 оқу орны, оның ішінде 48 жалпы білім беретін мектеп, 35 денсаулық сақтау нысаны, 5 әлеуметтік қорғау нысаны, 24 мәдениет нысаны және 268 басқа ұйым бар.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Павлодарда 1 200-ден астам көпқабатты үй жылуға қосылғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).