Орал қаласында Жайық өзенінен өтетін көпір жабылады
00:21, 25 Тамыз 2024
ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында Жайық өзенінен өтетін көпір бір күнге жөндеуге жабылады.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалынан мәлім еткендей, 26 тамыз күнгі сағат 21.00-ден бастап 27 тамыз сағат 08.00-ге дейін Жайық өзеніндегі көпір (Самара-Шымкент тасжолының 254-261 шақырымы) жөнделеді.
Автокөліктер Зачаган кенті Меловые горки елді мекені жағындағы көпір арқылы қатынайтын болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласындағы көпір жөндеу жұмыстарына байланысты жабылатынын жазған болатынбыз.
1961 жылы салынған ескі көпір өткен жылы сәуір айында да жөндеуге жабылған еді.
Бүгіннен бастап Астананың Сығанақ көшесінде де бірнеше күнге көлік қозғалысына тыйым салынды.