Орал қаласында жылу құбырлары жөнделе бастады
17:03, 24 Сәуір 2025
ОРАЛ. KAZINFORM — Оралда жылу құбырларын реконструкциялау жұмыстары жалғасып жатыр.
«Жайықжылуқуат» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Бекболат Қамешовтің айтуынша, қазіргі уақытта № 2 жылу магистралі жөндеуден өтуде. Осыған байланысты су ағызу жоспарлы жүргізіліп жатыр.
— Кеше құбыр жүйесі ажыратылды. Бүгін құбырларды бөлшектеу басталды. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айына дейін жалғасады. Бұл мақсатқа 9,9 млрд теңге бөлінді. Осы қаржыға 3,9 км құбыр ауыстырылмақ, - деді Б.Қамешов.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында тұрғын үйлерге жылу беру тоқтатылғанын жазған болатынбыз.