15:33, 15 Сәуір 2025 | GMT +5
Орал қаласында тұрғын үйлерге жылу беру тоқтатылды
ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында жылыту маусымы аяқтала келді.

«Жайықжылуқуат» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Бекболат Қамешовтің Kazinform тілшісіне мәлім еткеніндей, Орал қаласында көпқабатты 1 217 үй болса, соларға жылу беру бүгін тоқтатылды.
Оның сөзіне қарағанда, шаһарда 42 балабақша, 56 мектеп, 33 медицина мекемесі бар.
— Әлеуметтік мекемелерге жылу беру олардың өтінімдеріне сәйкес тоқтатылады. Қазіргі кезде өтінімдер түсіп жатыр, соған байланысты жұмыс істейміз. Жалпы, жылыту маусымы қалыпты өтті, — деді Бекболат Қамешов.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында үйлердің басым көпшілігіне жылу берілгенін жазған болатынбыз.