ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласындағы мектептер 24 сәуірден бастап дәстүрлі оқытуға көшеді.
Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, облыс орталығындағы барлық 50 мектеп ертеңнен бастап штаттық режимде оқиды.
Бұған дейін қалада 15 сәуірден бастап 61 214 оқушы онлайн білім алып келген еді.
«Орта мектептердегі эвакуациялық пункттер қосымша резервте тұрды. Бұл жөнінде кейін хабарланады», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын су тасқынына байланысты Орал қаласының барлық мектептері онлайн оқытуға көшетінін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында 864 сантиметрді көрсетті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).