Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, С. бір топ адамдармен алдын ала келісіп, бірнеше рет лаңкестік топтың қызметіне қатысқан, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз түрде сатып алып, өткізіп, сатып, сақтап, тасымалдап немесе өзімен бірге алып жүрген. Сондай-ақ бір топ адаммен бірге бірнеше рет қару жасаған.
Оралбековтың тобы 2011 жылы ҰҚК-нің департаментінде жарылыс ұйымдастырғаны белгілі. Бандының кейбір мүшелері бұған дейін сотталған, соның ішінде жетекшісіне қатаң режимдегі колонияда 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.
Сот өкімімен сотталушы С. ҚР ҚК-нің 233-2 бабының 2 бөлімімен, 251 бабының 3 бөлімімен, 252 бабының 2 бөлімімен айыпты деп танылды, ол жалпы режимдегі түзеу колониясында 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Сот өкімі заңдық күшіне енген жоқ.