ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал арматура зауытында 100-ден астам қару балқытылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мұндай шара тоқсан сайын жүргізіліп келеді.
Барлығы 102 қару жойылса, соның 81-і – тегіс ұңғылы аңшылық қару, алтауы – газды, 12-сі – травматикалық тапанша. Сондай-ақ, 2 шолақ мылтық, бір пневматикалық қару, 8 электрошокер, 2 пышақ балқытылды.
Бұлар – тұрғындар өз еркімен тапсырған, сондай-ақ табылған және тәркіленген қарулар.
Балқытылған қарудан 105 кг металл алынды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).