Оралда 12 жастағы бала өзенге батып кетті

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында «Телеорталық» маңында қайғылы оқиға тіркелді.

Фото: Pexels

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 16 мамыр күні болды.

— Шаған өзені жағасында ересек адамдардың қарауынсыз қалған 2014 жылғы бала суға құлап, батып кетті. Құтқарушылар жасөспірімнің денесін судан іздеп тауып, алып шықты, — деп хабарлады ведомстводан.

Бұл — өңірдегі осындай бірінші оқиға. Дегенмен облыста шомылу маусымы басталған жоқ.

Департамент деректеріне сәйкес Батыс Қазақстан облысында 2025 жылы 7 адам су батып, көз жұмса, соның біреуі бала еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда шомылуға арналған 34 орын белгіленгенін жазған едік. 

Оралда орталық саябақтағы жағажайдың жабылып қалғаны туралы хабарланды.