ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін жас натуралистер стансасы ауданында Шаған өзенінде болды.
2005 жылғы жасөспірім шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен. Сағат 17.04-те құтқарушылар (3 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Сағат 18.08-де марқұмның денесі судан шығарылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда тағы бір адамның суға кеткенін жазған болатынбыз.
Осыған дейін өңірде 26 адам суға батса, соның жетеуі балалар еді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).