ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 21 жасар қыз жетінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңда орын алды.
1998 жылғы қыз 7-қабат балконынан секіріп кетті.
Қыздың қайтыс болу оқиғасы бойынша ҚР ҚК 105-бабына сәйкес (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, Захаров көшесіндегі үйге жедел жәрдем сағат 06.32-де шақырылды. Бригада бес минуттан кейін жетті.
Бас пен мидың ашық жарақатын алған қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жас мұғалімнің асулы күйінде табылғанын, Оралда төртінші қабаттағы терезеден 6 жасар қыздың құтқарылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).