Оралда 221 қару балқытылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат  -Орал қаласындағы арматура зауытында 221 қару жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 197 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 15 газды тапанша, 3 травматикалық тапанша, 6 шолақ мылтық балқытылды.

Сонымен қатар 6 электрошокер, 3 пышақ, 1 оқдәрі қорабы және ИЖ-43 аңшы мылтығының 2 тетігі құрдымға кетті.

Бұлар тәркіленген, табылған, сондай-ақ тұрғындар өз еркімен тапсырған қарулар еді.

Пеште балқытылған қарудан 240 кг металл алынды.

Айта кетейік, мұндай шара тоқсан сайын өткізіледі.