ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында 3 жасар бала септикке түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 15 мамыр күні Вольная көшесі, 4-мекенжайында болды.
Сағат 21.00-де ата-анасының қарауынсыз қалған үй иесінің 2018 жылғы ұлы ағынды суы бар ашық септикке (тереңдігі 3 метр) құлап кеткені жөнінде хабар түскен.
Бала көршілердің көмегімен шығарылып, тыныс алу жолдарына сұйықтықтың түсуі салдарынан тұншығу диагнозымен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсай қаласында 6 адамның тамақтан уланып, ауруханаға түскенін, Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш баланың зардап шеккенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ 83 жастағы қария екінші қабаттан секіріп , мерт болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).