ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда бес жасар бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 5 шілде күні сағат 16.22-де 9-шағынаудандағы тоғыз қабатты үйде болды.
Ата-анасының қарауынсыз қалған 2015 жылғы ер бала 4-қабаттағы терезеден құлаған. Ауруханаға жатқызылған баланың жағдайы орташа ауыр.
Өкінішке қарай, мұндай оқиға Оралда азаймай отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі жасар қыз баланың екінші қабаттағы терезеден құлап кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).