ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында 57 жастағы ер адам үш күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Болат Ғиметдинов 12 сәуір күні шамамен сағат 17.00-де Алаш көшесіндегі «Ақ жол» техникалық қызмет көрсету стансасынан шығып, белгісіз машинаға отырып кеткен. Содан үйіне оралмаған.
Ерекше белгілері: толық денелі, бойы 160-165 см, қысқа қиылған шашына ақ түскен, мұрнында жарақат орны бар.
Үстіне қара күрте, сұр трико, аяғына кроссовка киген.
Өзімен бірге сұр түсті Айфон 5с маркалы ұялы телефоны болған, нөмірі – 8-777-569-26-64.
«Осы ер адамды көргендер немесе қайда екенін білетіндер болса, 8(7112)92-18-04, 92-18-96, 8-702-790-44-50, 8-705-747-99-99 телефондарына қоңырау шалуына немесе rozyskuralska@bk.ru электронды поштасына жазуға болады», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен оқушылардың екі күннен кейін табылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).