ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 6 жасар қызды алып кетпек болған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 24-125-бабы 2-бөлігіне (адамды ұрлауға оқталу) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазіргі таңда 63 жастағы ер адамнан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ер адамның мас күйінде 6 жасар қызды алып кетпек болғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).