ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 82 жастағы кейуана үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 4 шілде күні сағат 21.36-да В.Короленко көшесі, 32 мекенжайында болған.
1938 жылғы кейуана байқаусызда 3-қабат терезесінен кіреберістің төбесіне құлаған.
Құтқарушылар оны жерге түсіріп алды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жабық ми жарақатын алып, миы шайқалған зейнеткер ауруханаға жатқызылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі жасар қыз баланың терезеден құлап кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).