Оралда 9 жасар баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 9 жасар баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Оралда 9 жасар бала жоғалып кетіп, кейін салынып жатқан тұрғын үй аумағынан денесі табылған болатын.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, сараптама қорытындысына сәйкес баланың биік жерден құлап кеткені анықталды.

Соған байланысты тұрғын үйді салып жатқан «Болашақ-Т» ЖШС құрылыс компаниясына қатысты ҚР ҚК 279-бабы 1-бөліміне (абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.