ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда ағасы інісін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 6 ақпан күні сағат 18.00 шамасында Н.Назарбаев даңғылы бойындағы көп қабатты үйлердің бірінде орын алды.
Ішімдік ішу барысында 1973 жылғы ағасы 1981 жылғы інісімен сөзге келген. Соның салдарынан ағасы інісіне үш рет пышақ сұққан.
Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Үйде екеуінің анасы да болған.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті сол күні уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).