ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда «Ақжол» жабық базарынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 27 мамыр күні Құрманғазы көшесі, 208/2-мекенжайында болған.
«Таңғы сағат 05.00-де орталық базардың ішінде орналасқан «Ақжол» жабық базарында азық-түлік өнімдерін сататын 3 бутик отқа оранды. Өрттің аумағы 20 шаршы метрді қамтыды. «Тілсіз жау» сағат 05.25-те оқшауланып, 05.43-те толықтай ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс өртеніп жатқанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).