ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда ауруханадан шығып кеткен 65 жастағы ер адам таптырмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Анатолий Максин облыстық ауруханадан 1 сәуір күні шығып кеткеннен оралмаған.
Ғ.Құрманғалиев көшесі 15/1-үйдің 6-пәтерінде тұратын оның бойы 160-165 см, толық денелі, ақ шашты, сақалы бар, мұрны тіке, бүгіңкі, қой көзді.
Үстіне қара түсті спорттық трико, жүннен тоқылған свитер киген, көйлегі көгілдір түсті, үйге киетін жеңіл аяққиіммен, қолына сары пакет ұстап шығып кеткен.
Қазіргі кезде іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).