БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 31 қаңтар күні С.Датұлы көшесі бойындағы «Сарыарқа» мейрамханасы тұсында болды.
Оқиға орнына жедел жәрдем сағат 11.35-те жетті. Автокөлік 1950 жылғы ер адамды қағып кетті.
Алдын ала мәлімет бойынша, аяғы сынған ер адам облыстық көпбейінді аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылған.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді. Егер ер адамның жарақаты ауыр болса, ҚР ҚК 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
Тағы бір жол-көлік оқиғасы Петровский көшесі бойында болды. Екі автокөлік соқтығысып, жедел жәрдем сағат 15.13-те барды.
1989 жылғы әйел адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Дәрігерлер қарағаннан кейін ол үйіне жіберілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бес автокөлік соқтығысып, бір адамның қаза тапқанын, Оралда газдан уланған 58 жастағы ер адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.