БҚО-да бес автокөлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бес автокөлік соқтығысып, бір адам қаза тапты және екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да бес автокөлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін шамамен сағат 10.39-да Ақжайық ауданының Алғабас ауылы тұсында республикалық жол бойында болды.

Lada granta, Volkswagen Passat, Toyota Camry, ВАЗ-2114 және Chevrolet Aveo автокөліктері бір біріне соғылған. Соның салдарынан Lada granta автокөлігінде отырған жолаушы көз жұмды. Сондай-ақ түрлі жарақат алғаан үш адам Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, жыл басынан бері облыс аумағында 12 жол-көлік оқиғасынан 5 адам мерт болды.

БҚО полиция департаменті жол ережесін сақтау керектігін еске салады. Әсіресе, қолайсыз ауа райы кезінде аса сақ болу қажет.