Оралда автокөлік зейнеткерді қағып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік зейнеткерді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға кеше кешкісін Сарайшық көшесінде болды.

Сағат 19.45-те белгісіз жүргізуші «Ауди» автокөлігімен реттелмейтін жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан 1956 жылғы ер адамды қағып кетті.

Жол апаты салдарынан түрлі жарақат алған зейнеткер облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, кейін қайтыс болды.

Полиция департаменті қызметкерлері жүргізген іс-шаралар нәтижесінде 1968 жылғы жүргізуші анықталып, ұсталды.

«Audi-80» автокөлігі арнайы тұраққа қойылды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, зейнеткер жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Ол түнде көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі автокөлік соқтығысып, 2 адамның жарақат алғанын болатынбыз.