ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда әйел үй аламын деп, 5,8 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, әйел алаяқтың құрығына түскен.
Круглоозерный кентінің 1989 жылғы тұрғыны аталған әйелдің сеніміне кіріп, сотта кепілдікте тұрған пәтерді алып беремін деп алдаған.
Қазіргі кезде күдікті ұсталып, ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өкінішке қарай, өңірде осындай алаяқтық деректері азаймай отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).