ОРАЛ. KAZINFORM - Орал қаласында Шаған өзені жағалауынан 21 жастағы жігіттің мүрдесі табылды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға жас натуралистер станциясы маңында болды.
«Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мүрде сараптамаға жіберілді. Жігіттің өзен жағасында балық аулағаны анықталды. БҚО полиция департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, барынша абай болу керектігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда студенттерді қорқытып, несие рәсімдеткен 3 күдіктінің ұсталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).