Оралда студенттерді қорқытып, несие рәсімдеткен 3 күдікті ұсталды

ОРАЛ. KAZINFORM - Оралда екі студентті қорқытып, ақшасын иемденіп кеткен күдіктілер ұсталды.

қолға түсті
Фото: Видеодан алынған кадр

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күдіктілер екі студентті 150 мың теңге көлемінде шағын несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Содан кейін өз есепшоттарына аударған.

«Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Орал қаласының бұрын сотталған үш тұрғынын қолға түсірді. Ұрланған қаражат тәркіленіп, ұсталғандар уақытша ұстау изолторына қамалды. Қазіргі кезде күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қай саланың мамандары алаяққа жиі алданатынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар