Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды
21:06, 26 Қараша 2023
Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 26 қараша күні шамамен сағат 14.30-да Н.Назарбаев даңғылы 236-үй жанында болды.
«Сол тұстан өтіп бара жатқан әйелдің басына тас құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдемге сағат 14.33-те қоңырау шалынған. Жедел жәрдем бригадасы 1973 жылғы әйелдің тек қайтыс болғанын анықтады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да боранды күні жоғалып кеткен ер адамның денесі табылғанын жазған болатынбыз.