ОРАЛ. KAZINFORM - Оралда «Ел ырысы» базарында болған газ баллоны жарылуы салдарынан зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға орнына 5 медициналық жедел жәрдем бригадасы барды.
«Барлығы он адам зардап шексе, соның екеуі - ұл бала. Екі ересек адам медициналық көмектен бас тартты. Қазіргі уақытта пациенттердің ішінде 1 ересек адам жансақтау бөлімшесінде. Төртеуі травматология бөлімшесінде, тағы біреуіне амбулаториялық ем тағайындалып, үйіне жіберілді. Екі жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасында. Олардың барлығы да дәрігерлердің тексерілуінен тиісті ем алуда», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, Оралда базарда мал соятын орында газ баллоны жарылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).