ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында бір күнде екі автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 13 қыркүйек күні орын алды.
Алдымен сағат 16.47-де «Үміт» шағынауданындағы М.Әуезов көшесі 20-мекенжайында «ВАЗ-2109» автокөлігінің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.
Жүріп келе жатқан көліктің мотор бөлігі отқа оранған.
Сол күні сағат 20.48-де Орал-Бузулук тас жолында Новенький ауылына қарай бұрылар тұста «Фольксваген Пассат» автокөлігі өртенген. Оның да мотор бөлігі жанған.
Қос өртті де сөндіруге 6 адам, 1 техника барды.
Зардап шеккендер жоқ.
Батыс Қазақстан облысында осымен жыл басынан бері 72 автокөлік өртенді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қос автокөлік соқтысығып, біреуі өртенгенін, ал Ақжайық ауданындағы жол апатынан бес адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).