ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 2002 жылғы бозбала суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға кеше сағат 20.28 шамасында болды.
Бозбала белгісіз себептермен Жайық өзеніне батып кеткен. Болжам бойынша су астындағы шұңқырға түсіп кеткен.
Оның денесін төрт құтқарушы 1 жүзу құралы, 1 техниканың көмегімен іздестірді. Алайда табылған жоқ.
Іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жаз басталмай жатып 8 адамның суға кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).