ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында екі әйел пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін қалаға қарасты Желаев ауылында болды.
1953 жылғы әйел сол жақ кеуде тұсынан, 1989 жылғы әйел оң жақ иығынан жарақат алды. Екеуі де облыстық көпбейінді аурухананың жарақат пунктіне жеткізілді.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, қазіргі кезде жай-жапсары анықталып жатқанын мәлімдеді.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, әйелдерге жақын болып келетін ер адам мас күйінде пышақ ұстаған. Пышақты тартып алмақ болған кезде әйелдер жарақат алған.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).