ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында есірткі сатумен айналысқан 1986 жылғы Х. деген мұғалім қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, №3 орта мектептің бастауыш сыныптардағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өзінің үйінде М. есімді азаматқа 5,04 грамм кептірілген марихуана сатқан.
Күдікті Орал қалалық ішкі істер басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.
БҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы Андрей Хлевиннің айтуынша, 23 наурыз күні өз үйінде ұсталған мұғалімнен бұдан басқа тағы бір қорапқа салынған есірткі табылған.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес (есірткі заттарын заңсыз сақтау және сату) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).