ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО полиция департаменті Орал қаласында гараждың өртенуінен қайтқан адамдар жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға орнынан табылған үш адамның екеуінің кім екендігі анықталды.
«Олар – 1982 жылғы әйел және 2002 жылғы ер адам. Тағы бір ер адамның жеке басы анықталу үстінде. 21 жастағы ер адам гаражды жалға алып, жұмыс істеген. Марқұмдардың мәйіттері сот-медициналық сараптамаға жіберілді», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда өртенген гараж орнынан үш адамның мәйіті табылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).