Оралда өртенген гараж орнынан үш адамның мәйіті табылды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында өртенген гараж орнынан үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 25 сәуір күні кешкісін болды.

«Сағат 20.58-де А.Құсайынов көшесі 3-мекенжайында аумағы 30 шаршы метр гараж бен оның ішіндегі «ВАЗ-2121» (Нива) автокөлігі отқа оранды. Содан кейін жалын жеке тұрғын үйдің (42 шаршы метр) төбесін шарпыды. Гараждан үш адамның денесі табылды. Сондай-ақ әрқайсысының сыйымдылығы 50 литр 4 оттегі баллоны шығарылды. «Тілсіз жау» сағат 21.32-де оқшауланып, 22.02-де ауыздықталды. Барлығы 23 адам (7 техника) жұмылдырылды. Қазіргі кезде өрттің себебі, келтірілген шығын, қайтқан адамдардың кім екендігі анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, оқиға орнында 20 полиция қызметкері жұмыс істеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында орман аумағындағы өрттің сөндірілгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар