Оралда газдан уланған 58 жастағы ер адам көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда газдан уланған ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 31 қаңтар күні 1 саяжай ауданында «Елочка» саяжай қоғамдастығында болған.

Жедел жәрдем сағат 15.50-де шақырылды.

1963 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Газдан уланған 1995 жылғы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Жеңіл дәрежеде газдан уланған 1997 жылғы қыз ауруханаға жатудан бас тартты.

БҚО ТЖ департаменті болған оқиғаны растап, мән-жайы нақтыланып жатқанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жеке тұрғын үй өртенгенін жазған болатынбыз.