ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен тұрғынның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібековтің айтуынша, 21 наурыз күні сағат 18.00-де «Дружба» саяжай қоғамы ауданындағы шойын көпірдің маңынан ер адамның мүрдесі табылды.
Ол 14 наурыз күні Деркөл ауылындағы үйінен шығып кетіп, оралмаған 1989 жылғы Асылбек Іңкәрғалиев болып шықты.
Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 16 жастағы жасөспірімнің үш күннен бері табылмай жатқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).