ОРАЛ. ҚазАқпарат - 19 қыркүйек күні кешкісін, сағат 22.00-де «Вишенка» саяжай қоғамына қарасты саяжайлардың бірінен құдыққа тасталып, үстінен бетон құйылған 1980 жылғы С. есімді ер адамның мүрдесі табылды.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, марқұмның денесінде зорлықпен өлтірудің белгілері болған.
Жедел іздестіру шаралары барысында аталған іске қатысы бар күдікті ұсталып, Орал қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).